Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Заңсыз құралдармен балық аулауға салынатын айыппұл ұлғаяды

2022 жылғы 17 маусым 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тыйым салынған құралдармен балық аулауға қарастырылған айыппұл көлемі ұлғаяды, яғни 20 АЕК-тен (63 600 теңге) 50 АЕК-ке (159 000 теңге) дейін көтеру көзделіп отыр. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инспекция қызметекрлері сауда орындарында заңсыз тасымалданған немесе сатылатын ау құралдарын тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізіп тұрады. Осындай әрекетке барған азаматтарға 25 АЕК (76 575 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, министрлік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынды. Осы заң жобасы аясында тыйым салынған құралдармен балық аулаған адамдарға қолданылатын шара күшейтіледі. Атап айтқанда, көрсетілген заң бұзушылық үшін айыппұл көлемін 20 АЕК-тен (63 600 теңгеден) 20 АЕК-ке (159 000 теңгеге) дейін көтеру көзделіп отыр», - деді Аян Бахиянов.

Енгізілетін толықтырулардың тағы бірі – егер әкімшілік жазаға тартылған адам бір жыл ішінде қайтадан заң бұзушылық жасаса, онда ол қамауға алынады. Аян Бахияновтың мәліметінше, тәркіленген заңсыз ау құралдары мен балық саны 50 данадан көп болса, ондай адамды қылмыстық жазаға тарту мәселесі талқыланып жатыр.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар