Заңсыз иемделген активтерді қайтару заңы кімдерді тексеруге мүмкіндік береді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару» туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобын қамтиды. Бұл ретте жеке тұлғаларға негізсіз байыған адамдарды жатқызу ұсынылып жатыр. Ең бастысы, ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік ұйымда, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адамдарға қатысты, оның ішінде бұрын қатысты болған әкімшілік билік ресурстарының болуына да байланысты», - деді Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, мемлекеттік лауазымда отырып заңсыз баюға жол ашқан адамдар осы заңның қаһарына ілігуі мүмкін.

«Сондай-ақ, әкімшілік билік ресурстарының нәтижесінде активтерді иелену не кәсіпкерліктің қолайлы бәсекеге жатпайтын заңнамалық жағдайларын қалыптастыруға ықпал еткен азаматтар да осы заңға жатқызылады. Активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі заңда белгіленген. Олар үлестес тұлғаларға қолданылады. Мысалы, жақын туысқандары, осы адамдардың номиналды мүлкіне иелік ететін адамдар және басқалар. Осылайша заң жобасы ірі сыбайлас жемқорлыққа және республикалық, жергілікті деңгейлердегі әкімшілік билік ресурстары субъектілерібіріктірілген олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасы новеллаларының бірі – әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерінрегламенттеу арқылы шетелдегі активтерді қайтару бағытында жұмыс жүргізу үшін қажетті құралдарды қамтамасыз ету. Сондай-ақ заң жосықсыз сатып алушылар мен кредиторларды анықтауды, активтерді қайтару жөніндегі комиссия институтын, мемлекеттік мүдделерді алдын ала қамтамасыз ету мүмкіндігін прокурорлық талдаудың және тексерудің жаңа түрлерін енгізеді», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар