Заңсыз бекіре алып жүрген маңғыстаулыққа 7 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық полицейлер бекіре балығын заңсыз алып бара жатқан көлікті анықтады, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтауда әуежайға баратын тас жолдың бойында браконьерлік жасады деген күдіктінің көлігі тоқтатылды. Облыс тұрғыны көлігінің жүксалғышында 25 келі бекіре тұқымдас балық шыққан.

4 тамызда кешке қарай Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ЖПҚ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге Toyota Camry көлігін тоқтатқан.

Көліктің жүк салғышын тексеру барысында 7 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді. Балықтардың салмағы келі болды.

«Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша ер адамның үстінен сотқа дейін тергеу жүргізілуде. Аталмыш бап сирек және жойылып бара жатқан өсімдік және жануарлар түрлірімен, олардың дериваттары немесе бөліктерін заңсыз алып жүруді қарастырады. Ер адамға 3 мың АЕК (7 215 000 теңге) айыппұл немесе 3 жыл бас бостандығынан айыру немесе сол мерзімге еңбекпен түзету жазасы берілуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар