+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Заңсыз балық аулаудан Қазақстан бюджеті 40 млрд теңгеден қағылып отыр

2020 жылғы 10 маусым 16:50
Бөлісіңіз:
Заңсыз балық аулаудан Қазақстан бюджеті 40 млрд теңгеден қағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балық саласындағы өткір проблема – балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы. Мәселе жайлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кеңінен айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында браконьерден тауешкінің еті мен екі мылтық тәркіленді

«Экономикада балық шаруашылығы маңызды рөл атқарады. Былтыр 45 мың тонна балық ауланды. Бұл 2018 жылғы деңгейден 23 пайызға жоғары. Салада 11 мың адам жұмыс істейді. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады. Онда 1 мыңнан астам (1126) адам жұмыс істейді. Тауарлық балық өсіру көлемінің өсімі байқалады. Былтыр 6,9 мың тонна балық өсірсе, бұл 2018 жылғы деңгейден 19 пайызға жоғары. Осы жылға жоспар – 7,8 мың тонна», - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халыққа онлайн есеп беру барысында.

Министр өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн АҚШ доллары болатын 30 мың тонна өнім экспортталғанын, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6 пайызға артық екенін мәлім етті.

«Балық саласындағы өткір проблема – балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы. Ол балық өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық. Балық айналымының барлық процесін цифрлау қажет. Балық шаруашылығын көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд теңгеге арттырады. Каспий теңізінің ресурстарын игеру есебінен отандық нарық көлемін 66-дан 120 мың тоннаға, балық аулау 45-тен 60 мың тоннаға, ал балық өсіру 7-ден 60 мың тоннаға дейін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар», - деді ол.

Осыған байланысты қазіргі уақытта министрлік балық саласын ұзақмерзімді дамыту үшін инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға ықпал ететін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараларды пысықтап жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT