+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Заңсыз аң аулаған жамбылдық 1,6 жылға сотталды

2021 жылғы 17 сәуір 02:11
Бөлісіңіз:
Заңсыз аң аулаған жамбылдық 1,6 жылға сотталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Мотоциклымен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген жамбылдық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл тұрғыны бейтаныс адаммен ішімдік ішемін деп 1 млн теңгеге қарызға батты Алматыда ұрылар 4 банкоматты тонап кетті Жалғызбасты әйелдерді алдап келген теміртаулық жігіт СҚО-да ұсталды


Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құм өңірінде жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген Мойынқұм ауданының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жүргізуіндегі «Урал» мотоциклін қарау барысында оның арбасында атылған жабайы қабан, тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық және пышақ алынды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі, яғни «Заңсыз аң аулау» және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі – «Қаруды заңсыз алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілді. Тергеп-тексеру ісі бойынша барлық қажетті сот-сараптамалары жасалып, дәлелдемелер жиналды, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызөметінің хабарламасында.

Сот талқылауының қорытындысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды. Сондай-ақ екі жыл мерзімге аң аулаумен айналысу құқығынан айырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT