Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды

2018 жылғы 14 маусым 16:58 638
Бөлісіңіз:
Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ел аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген 14 цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ МКК Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерден Жұман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда контрабандалық тауарды бақылауға үйрететін оқу алаңы ашылды Жамбыл облысында бір отбасы мүшелерінің өмірін қиған күдікті ұсталды

«Заңсыз алкоголь өнімдері айналымы саласында да біраз қылмыс әшкереленді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында заңсыз алкоголь өнімдерін әзірлеп келген 14 жасырын цехтың жолы кесілді. Олардан 2 млн 700 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 миллионнан астам шөлмек есепке алынбаған алкогольді өнім мен 30 мың тонна литр спирт алынды», - деді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

Оның дерегінше, есепті кезеңде экономикалық саладағы ауыр қылмыстарды анықтау екі есеге артып, өтелген зия көлемі 77 пайызға жеткен.

«Анықталған 28,3 млрд теңге залалдың 12,8 млрд теңгесі өтелді. Сот санкциясымен 9 млрд теңге сомадағы мүлікке тыйым салынды», - деді Ерден Жұман.

Көрнекі фотосурет: gazeta.a42.ru

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат