Заңсыз активті қайтару: Қылмыстық процеске тартылған тұлғалар да активін өз еркімен қайтара алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Алма Мұқанова заңнамаға қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың активін өз еркімен қайтаруына құқық беретін бап енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасында активті қайтаруға мүмкіндік беретін стратегиялардың көптеген жолдары жазылған. Яғни, олар заңнамамен бекітіледі. Әр нақты жағдайға байланысты қолда бар материал мен талдау негізінде қандай жол қолданылатыны туралы шешім қабылданады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол активті өз еркімен қайтару келісімі қалай жасалатынын түсіндірді.

«Сондай-ақ, тізбеге иелігінде немесе бақылауында актив бар тұлғалар енгізіледі. Олардың сот процесіне қатысы болмаса да, құқықтары болады. Яғни, үстінен қылмыстық процесс жүріп жатса да, активті еркімен қайтаруға құқылы болады. Бұл уәкілетті органның қызметі аясында болса, ерікті қайтару туралы келісім жасау мүмкіндігі болады. Бізде азаматтық және қылмыстық процесте процессуалдық келісімдер бекітетін институттар бар. Азаматтық процесте бұл процессуалдық келісім, ал қылмыстық процесте кінәсін және қайтаруды мойындау туралы процессуалдық келісім болады», - деді Алма Мұқанова.


Соңғы жаңалықтар