Заңгер ресейліктердің Қазақстанға ағылуын шектеудің құқықтық мүмкіндіктері туралы айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов ресейліктердің Қазақстанға ағылуын шектеудің құқықтық мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселені құқықтық тұрғыдан айтып көрейік:

1.Журналистер ресейліктердің шекарадан көптеп өтіп жатқанын айтып, түрлі сұрақтар қойып жатыр. Біздің заңнама бойынша, халықаралық келесімшарттар аясында Ресей Федерациясының азаматтары еліміздің аумағында 90 күн жүре алады. Одан кейін шығып кетуі керек.

2. Ал уақытша өмір сүруге заңнама бойынша алты бекітілген ереже бойынша рәсімделеді. Олардың ішінде мемлекеттік органдардың рұқсат беру, растау құжаттары да бар», - де жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Заңгердің пайымынша, шекараны жабудың басқа жағымсыз жағы бар және қарымта реакция тудыруы мүмкін.

«Бұл экономикалық алыс-берісті нашарлатып, Қазақстанның солтүстігіндегі өңірлердің азық-түлік қауіпсіздігіне соққы болып тиюі ықтимал. Өйткені азық-түлікпен тауар импортына тәуелділік өте жоғары және бүкіл шекаралық сауданы құлдыратып, тауарлардың тапшылығы мен қымбатшылығын туындатуы мүмкін. Бұл көзге бірден анық көрініп тұр», - деп жазды Марат Бәшімов.


Фото: www.portalcomunicare.com.br





Соңғы жаңалықтар