Заңгер: Халықтың қауіпсіздігі - тұрмыс сапасының құрамдас бөлігі

None
None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарына, оның ішінде ең алдымен полиция жұмысына соны серпіліс жасау қажеттігі қоғамда біраз талқыланған, пісіп-жетілген мәселе. Елбасының биылғы Жолдауы осы мәселені серпінді ете алады. Бұл туралы Алматы облысы Панфилов аудандық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Заңгерлер одағының мүшесі Марат Сағымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Сағымбек еліміз Тәуелсіздіктен бері еліміз құқықтық мемлекет құру жолында  көптеген  шараларды жүзеге асырғанын атап өтеді. Алайда, бұл бағыттағы талпыныстардың бәрі бірдей сәтті жүзеге асқан жоқ. Әйтсе де, білікті заңгер Қазақстанның әлем елдері арасында дамудың даңғыл жолына түскенін атап айтады. Ендеше соған сәйкес, құқық қорғаушылар да  өздерінің кәсіби  шеберліктерін  жетілдіріп, қоғамның көңілінен шығатындай қалтқысыз қызмет реформасына іздене беруі керек.

«Мемлекет басшысының жаңа Жолдауындағы   бағыт-бағдар  оларға  соны серпін беріп, оң жол сілтеді. Құқық қорғаушылар  да бұны дұрыс түсінген тәрізді.  Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі қазірдің өзінде-ақ полицияны жаңғырту жөніндегі «Жол картасын» әзірлеуге кірісті. Соған сәйкес, бұдан былай олардың қызметін бағалау қоғамның сенім деңгейі мен халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталатын болады. Қалың көпшілік бұл туралы ақпарат құралдарынан біліп отыр. Яғни, бәрі қоғамның көз алдында. Сондықтан құқық қорғау саласы ғана емес басқа құрылымдар да  өз жұмыстарына бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер енгізуі  тиіс», - деді Марат  Рахымбердіұлы.

Ол сондай-ақ, Жолдаудағы Президенттің құқық үстемдігі туралы тапсырмасы - реформаларының табысты болуының негізгі факторы екенін атап өтеді.

«Бұл ретте Елбасының уақыт пен ресурстардың орынсыз шығындарын азайту, жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін тиісті органдарға қажетті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырғаны маңызды деп есептеймын. Шындығында, халық қауіпсіздігі - тұрмыс сапасының құрамдас бөлігі. Осы ретте азаматтардың амандығы жолында өз басын бәйгеге  тігіп, қылмыспен күресте қауіп-қатердің өтінде жүретін құқық қорғаушылардың жанкешті қызметі де қадірлеуге тұрарлық екенін айтқым келеді. Жолдауда олардың жалақысын өсіру, тұрғын үй және де өзге де әлеуметтік мәселелерін оңынан  шешу  туралы Елбасы тапсырмасы да өте құптарлық» - дейді тәжірибелі заңгер.  

Авторы:  Нұрәділ БЕГІМБЕТ

 
Соңғы жаңалықтар