Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
2022 жылғы 10 тамыз 11:44

Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының тергеу соты заңгер Бұрхан Жансейітовке қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақтан уақытша ұстау изоляторына қамауға ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 9 тамыз күні Б. Жансейітовке қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту туралы шешім қабылдады. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге қамауда ұстауға өзгерту санкцияланды. Қамау мерзімі ұсталған кезден бастап есептеледі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттан.

Еске салайық, 15 шілде күні Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда заңгер Бұрхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. 17 шілде күні ол үйқамаққа алынды.

Ал, республикалық адвокаттар алқасы заңгер Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT