Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі Masters рейтингінде көш бастап келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 355 ұпаймен көш бастап келеді.

Өткен аптада Химкиде Александр Островский атындағы академия кортында З.Нұрланұлы TE Super category Christmas Cup 2022 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, тартысты матчта болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді.

Қазақстаннан ТОП-100-ге сондай-ақ Демид Горбачев (58-орын), Даниэль Тазабеков (69) кірді.

Junior Masters – 14-16 жастағы Еуропа теннисінің үздік сегіз ойыншысы (қыздар мен ұлдардан) қатыса алатын ірі спорттық шара. Жарыс күзде Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос жасөспірім теннисшінің алғаш рет Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар