Заңғар Нұрланұлы Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 14 жасар Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.

Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,

Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Фото - Қазақстан теннис федерациясы

Соңғы жаңалықтар