Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Заңғар Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен ITF Juniors жарысында үздік шықты.

З. Нұрланұлы финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

«Барлық матч өте қиын болды. Дегенмен, жекелей сында ITF Juniors додасында алғашқы титулымды жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін маңызды», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Жас қазақстандық теннисші өткен жылды Tennis Europe рейтингісінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастады. Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар жоғары санатқа ауысып, қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның чемпион атана алмағанын жазған едік.

Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет әлемде 10-орынға көтеріледі.

Ал, Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты.

Новак Джокович болса, оныншы рет Аустралия чемпионы атанды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар