Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+30+32℃
  Jańalyqtar  >

Заңдастыруға жататын көлік иелері 200 мың теңгеден басқа қандай төлем жасауы керек

2022 жылғы 15 желтоқсан, 16:32

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев заңдастыруға жататын көлік иелері 200 мың теңгелік алымнан басқа қандай төлемдер жасайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңдастыруға өтінішті «Электронды үкімет» порталы арқылы немесе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралдарын іздестіру базалары бойынша тексереміз. Одан кейін автокөлік мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін егер талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, шетелдік көлігін заңдастырған азаматтар өзге де көлік иелері сияқты мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат үшін мемлоекеттік баж төлеуі керек.

«200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, сондай-ақ, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекетттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір беріледі», -деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме