+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Заң жобасына «нотариаттық құпия» ұғымы енгізілді - Мәжіліс

2020 жылғы 2 желтоқсан 12:48
Бөлісіңіз:
Заң жобасына «нотариаттық құпия» ұғымы енгізілді - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

«Түзетулердің бірінші блогы нотариат жұмысындағы цифрлық технологияларға арналған. Нотариаттық қызметті одан әрі циярландыру – жасалатын іс-қимылдардың жеделдігін, ашықтығын және заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, нотариаттық құжаттарды ресімдеуді жеңілдетеді. Бұл үшін электрондық нотариаттың жекелеген ерекшеліктерін заңнамалық реттеу қажет», - деді Мәжіліс депутаты Балаим Кесебаева.

Оның айтуынша, заң жобасында «нотариаттық құпия» ұғымы енгізіледі. Нотариаттық құпия - нотариаттық қызметтің негізгі принциптерінің бірі және кепілі болып саналады.

«Тәртіптік іс жүргізуді объективті және жан-жақты қарау мақсатында шағымдарды республикалық деңгейде қарайтын Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясын құру заңнамалық тұрғыда бекітіледі. Заң жобасында электронды құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең мәнділігін куәландыру және қағаз түріндегі құжаттың электронды құжатпен тең мәнділігін куәландыру сияқты екі жаңа нотариаттық іс-әрекет енгізіледі», - деді депутат.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT