Заң жобасын әзірлеушілер ағылшын тілін білуі тиіс - Бекетаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң жобасын әзірлеуші-органадар ағылшын тілін орындаушы деңгейінде білуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы заң шығару процесін жетілдіру мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ең үздік әлемдік практиканы (заң шығару процесінде) тиімді енгізгіміз келсе, жаңа тәжірибені жылдам зерделеуге мүмкіндігіміз болуы қажет. Негізгі трендттер мен табысты тәжірибені зерделеу заң жобалау қызметінің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, бұл ақпарат бірінші кезекте ағылшын тілінде қолжетімді болады. Сондықтан, әзірлеуші-органдар үшін орындаушылардың деңгейінде ағылшын тілін білу қажет. Әділет министрлігінің Кадр саясаты осы қағидатқа сүйене отырып жұмыс істейді»,- деді ол.

Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінгі күні Әділет министрлігінің нормашығармашылық блогында 20 пайызға жуық қызметкердің шетелдік білімі бар және олар ағылшын тілін еркін меңгерген. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

«Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау процесін, заңды сараптама және құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін тұжырымдамалық түрде қайта қарау жоспарда бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін Дүниежүзілік Банкпен жасалған келісім шеңберінде осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізіліп, кейіннен заң жобасы әзірленеді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар