Заң жобасы: Қазақстан электр энергетикасының шетелге тәуелділігін төмендету көзделуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты отырыста Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов таныстырды.

«Заң жобасы маневрлік қуаттар салуды ынталандырады. Бүгінгі күні елімізде электр қуатының профициті бар. Ол шамамен 3000 МВт құрайды. Әйтсе де қазіргі уақытта маневрлік қуаттар тапшылығы байқалады. Тәуліктің кешкі уақытында жоғарылауына және түнгі уақыттарда төмендеуіне байланысты электр энергиясын біркелкі тұтынбау электр станцияларының жедел ауыспалы жұмысы тәртібін талап етеді. Осыған байланысты заң жобасында генерацияның маневрлік режимі бар қуаттарды салу үшін тартымды жағдайлар жасау ұсынылады», - деді Шавхат Өтемісов.

Оның айтуынша, бұл қадам өндіріс-тұтыну теңгерімсіздіктерін реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Бұл ретте жобаларды іріктеудің аукциондық тетігі қолданылатын болады. Осылайша Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігі төмендейді. Сонымен қатар реттеу бойынша көрсетілетін қызмет үшін бүгінгі таңда Ресейге кетіп жатқан қаражаты елімізде қалады. Ал бұл - жыл сайын шамамен 10-12 млрд теңге», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар