Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 24-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында  депутаттар «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне Кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасы тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету мен оңайлату мақсатында әзірленген. Сонымен қатар ол мемлекеттік шекара арқылы  өтетін автомобиль өткізу тіректерінде көліктік, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік бақылау мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау шараларын ҚР Кеден органдарына беруді қарастырады.

Соңғы жаңалықтар