Заң жобасы арқылы Есеп комитетінің коллегиалдық мәртебесі туралы конституциялық ереже жүзеге асады - О. Өксікбаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑Парламентке ұсынылған «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы» заң жобасы арқылы Есеп комитетінің коллегиалдық мәртебесі туралы конституциялық ереже жүзеге асады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде аталған заң жобасының таныстырылымы барысында Комитет төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Заң жобасы арқылы Есеп комитетінің бірқатар конституциялық ережелері жүзеге асатын болады. Атап айтқанда, комитеттің коллегиалдық мәртебесі, оның ішінде Есеп комитетінің отырыстарын ұйымдастыру, олардың бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі қабылдаған шешімдерін рәсімдеу мәселелері қамтылады. Бұдан басқа, Есеп комитеті мүшелерінің біліктілік талаптары заңнамалық деңгейде бекітілетін болады.  Бұндай қадам жоғары қаржы бақылау органының нығаюына және бюджеттік тәртіптің қатаюына септігін тигізеді. Сонымен бірге, заң жобасында Есеп комитетінің мемлекеттік қаржылық бақылауға қатысты басқа да органдармен қарым-қатынасын реттеу көзделіп отыр. Экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес мақсатында құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу, бірлескен тексерулер ұйымдастыру шаралары да қарастырылады», деді О. Өксікбаев.

 Оның айтуынша, заң жобасы Есеп комитетінің талдамалық қызметіне құқықтық негіз қалыптастыратын нормаларды да қамтып отыр. Ал Есеп комитетінің осылайша ұсынатын талдамалары негізінде бюджетті атқаруды жақсарту, мемлекеттік тәртіпті нығайту туралы шаралар жүзеге асатын болады.

Соңғы жаңалықтар