Заң жобаларына ғылыми сараптама жасау тәртібі өзгеруі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу тәртібін қайта қарау ұсынылады. Ғылыми құқықтық сараптама қоғам мен мемлекеттің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына жауап беретін жобаларды дайындау міндетін шешуі тиіс. Алайда, заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізудің қолданыстағы тәртібі қолда бар ғылыми әлеуетті толық көлемде пайдаланбайды. Сондықтан ғылыми сараптама дайындауға қазіргідей бір ғылыми ұйымның қатысуының орнына үлкен сарапшылардың тізімін қалыптастыру ұсынылады», - деді Марат Бекетаев.

Яғни, оның айтуынша, бір ұйымның ғылыми ресурстарымен шектеліп қоймай, осы процеске тиісті білімі бар елдегі барлық ғылыми сарапшылардың қатысуы үшін жағдай жасау көзделеді.

«Ол үшін ғылыми құқықтық сараптаманың үйлестірушісі ретінде Заңнама және құқықтық ақпарат институты жүргізетін ғылыми сарапшылардың тізімін құру ұсынылады. Ғылыми сараптамаларды жүргізудің тиімділігі мен ашықтығы ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жүйе сараптама жүргізудің барлық процесін реттейді. Атап айтқанда, ғылыми сарапшылардың электрондық тізімін, олардың рейтинг жүргізуін, сонымен қатар қорытындылардың электрондық базасын қарастырады. Жүйе ғылыми құұқықтық сараптама жүргізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар