Заң шығару процесі: Бекетаев Жасыл және Ақ кітап жүйесін енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның заң шығару процесіне Ұлыбритания тәжірибесін енгізу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы заң шығару процесін жетілдіру мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зңнамалық өзгерістердің теріс салдары, әдеттегідей, екі жағдайда туындайды. Біріншісі - әзірлеуші салдарды дұрыс болжамағанда. Екіншісі - енгізілген өзгертулер, бірақ қоғам, мысалы, түсіндіру жұмысының әлсіздігіне байланысты оған дайын болмағанда»,- деді ол.

Осыған байланысты министр Ұлыбританияның тәжірибесін мысал ретінде келтірді.

«Заң жобасы Парламентке енгізілгенге дейін алдын ала Жасыл кітап және Ақ кітап пайдаланылады. Олар жаппай тиражбен жарияланады немесе алдын ала консультациялар жүргізетін белгілі адамдар тобына тікелей жіберіледі. Жасыл кітап - бұл консультативтік сипаттағы құжаттар. Олар мемлекеттік органдар жүргізіп отырған саясатқа қатысты пікірлер мен ұсыныстарды жинауы үшін Үкімет тарапынан дайындалады. Консультациялар жүргізіліп өткізілгеннен кейін, одан әрі ықпалды Ақ кітап жарияланады. Бұл, Үкіметтің нақты бір саладағы болашақ саясаты туралы мәлімдемесін білдіреді», - деп түсіндіреді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, онда заң жобасының алдын-ала дайындалған нұсқасы болуы, кейіннен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

«Біздің заң шығару процесімізге осы тәжірибені енгізудің орындылығы тұрғысынан оны тереңірек зерделеуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар