Заң күшіне енгеннен бергі 1 ай ішінде кәмелетке толмағандардың 854 заңды өкілі жауапкершілікке тартылды -

None
None
ІІМАСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуын шектейтін заң өз жемісін бере бастады.

Осыған байланысты, өткен бір айдың ішінде кәмелетке толмағандардың 854 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  ҚР азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың  тамызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң күшіне енді. Заң кәмелетке толмағандардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғау дәрежесін арттыруға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алудағы құқықтық жүйені кенейтуге бағытталған. Сонымен бірге, бұл құжатта түнгі уақытта (сағат 22.00-ден бастап 6.00-ге дейiн) кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз ойын-сауық ұйымдарына баруына шектеу енгізіліп, спирттік ішімдіктерді қоғамдық орындарда пайдалануға тиым салынды. Бұл нормалар өзінің жемісін бере бастады. Атап айтқанда, тамыз айынан бері қарай кәмелетке толмағандардың  854 заңды өкілі, 254 жеке иеленуші (ойын-сауық ұйымының)  әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді С. Баймағанбетов.

Соңғы жаңалықтар