Заң бұзған кәсіпкерді түрмеге қамамай, еселенген айыппұлмен жазалау керек - Рустам Жүрсінов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов заң бұзған кәсіпкерлерді түрмеге қамамай-ақ еселенген айыппұлмен жазалауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жазықты кәсіпкерлерді түрмеге қамаудан гөрі айыппұл арқылы көбірек жазалау керек деп санаймыз. Заңды бұзған екен, зиян келтірген екен –қылмыстық жолмен тапқан пайдаасынан екі-үш есе көп айыппұл төлесін. Есесіне кәсіпкер бизнесті абақтыға айырбастамай, жұмыс орындарын сақтайды, салық төлеп, қоғам мен мемлекетке пайда әкеледі», - деді уәкіл прокуратура органдарының кәсіпкерлермен кездесуінде.

Айтуынша, мұндай ұсыныс кәсіпкерлерден түскен көрінеді.

«Өңірлерге барғанда бизнес өкілдері жемқорлар неге айыппұлмен құтылып, кәсіпкерлердің түрмеге қамалып жатқанын сұрайды. Не деп жауап берерімізді білмейміз. Сондықтан, біз жауапкершіліктің қаржылық тетіктерін дамытуды ұсынамыз. Жазаның балама түрлерін енгізу керек. Ең әуелі, бірнеше еселенген айыппұл салынсын. Сол айппыұлды төлемеген жағдайда ғана бас бостандығынан айыру керек», - деді Рустам Жүрсінов.



Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар