Зәмзә Қодар: Президент сайлауы - заман талабынан туындап отырған қажеттілік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент сайлауы - заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Осындай ойымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының директоры Зәмзә Қодар бөлісті.

Кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ынтымақтасқан халықтың ұсынысымен келісіп, кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күнді белгіледі. Бұл Ұлт Көшбасшысының бірлігі жарасқан елмен бірге екендігін тағы бір рет дәлелдеді.

«Қазіргі таңдағы заман шындығы мен әлемдік өркениеттік ахуалдардың күрделі жағдайы ел басқару жүйесінде аса тиянақтылық пен салиқалы саясат жүргізудің қажеттілігін күн өткен сайын сездіртіп келеді. Осыған орай, біздің еліміз де бұндай ахуалдардан тыс қалмай отыр. Қазақстандағы Президент сайлауының кезектен тыс болуы да көптеген жаңа міндеттерді, жаңарған саясатты әрі қарай жалғастыруды өзектілендіргені анық. Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылы Халыққа арнаған Жолдауындағы қойылып отырған міндеттер, оны өз мәнінде жалғастыратын білікті тұлғаны талап ететіндігі сөзсіз. Ол өз кезегінде бірнеше жылдар бойы елімізді орнықты басқарып, экономикамыз бен сыртқы және ішкі саясатымызды ретке келтіріп келе жатқан - Тұңғыш Президентіміз. Себебі, сайлаудың жедел өткізілуінде халық Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевпен егіз ұғым ретінде қарастыратыны кезекті рет нақтыланды», - деді З.Қодар.

Оның ойынша, Мемлекет басшысы заманның күрделеніп келе жатқандығын айта келе, Жолдауында ұсынған мәселелердің тыңғылықты түрде орындалуын да өзі қадағалап отыратындығын ерекше атап өткен болатын. 2015 жыл басталысымен бірқатар қаржылық қиындықтарға қарамастан, бұл істердің бастамалары өзінің оңды шешімін табуға қарай бет түзеп келеді. Демек, Жолдау мен сайлау біртұтас ұғымға айналып отыр.

«Келешек ғылым мен білімде екендігін үнемі назарда ұстаған Президентіміз осындай қиыншылықтарды да ескеруге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Осыған байланысты, экономика мен қаржы саласындағы үнемдеу саясаты баршаға болашақ сыйлай алатын дағдарыстың алдын-алу шараларындағы маңызды қадам болмақ. Біздің елімізде кейбір дағдарыстағы мемлекеттерге қарағанда материалдық жағдай, жұмыспен қамту, болашақтағы қауіпсіздік, келешектегі қаржылық қорлар, т.б. ахуалдар шүкіршілік сезімін тудыратындай деңгейде болып отыр. Сондықтан, бүгінгі күнге дейін тәуелсіздік алғаннан кейін іргелі де салиқалы саясат жүргізіп келе жатқан Н. Назарбаев осы сайлауда елінің тағдыры үшін алаңдайтын тұлға екендігін алдағы уақытта да таныта беретіндігіне халық толықтай сеніп отыр. Олай болса, дауыс беруге еліміз белсене қатынасып, өздерінің Президенттерін таңдай алады деген ойдамын», - деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар