USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Закир Сафиуллин бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты

2020 жылғы 10 наурыз 17:00
Бөлісіңіз:
Закир Сафиуллин бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақ боксшылары арасынан Закир Сафиуллин бірінші болып финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды Мейірім Нұрсұлтановтың ең үлкен жекпе-жегінің датасы ауысты

Ерлер арасында 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Закир Сафиуллин жартылай финалда жергілікті боксшы Обада Мохаммед Мұстафа Алкасбехпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек алғашқы минуттардан-ақ тартысқа толы болды. Алғашқы раундта жергілікті боксшының қарқыны жоғары көрінді. Алайда, екінші раундта қазақстандық боксшы таразы басын өзіне аударып, жекпе-жекті одан ары қыздырып жеберді. Соңғы раундта жерлесіміз қарсыласына ауыр соққыларын дарыта отырып, жеңісті жұлып алды. Төрешілер бір ауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, Закир Сафиуллин қазақ боксшылары арасынан алғаш болып Олимпиадалық іріктеу турнирінің финалына шықты.

Енді, санаулы минуттардан кейін, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов пен 91 келі салмақта Василий Левит шаршы алаңға шығады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT