+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Закир Сафиуллин әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

2019 жылғы 12 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Закир Сафиуллин әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Садриддин Ахмедов 33 рет жеңген нокаутшымен айқасады Нью-Йорктағы полицей Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасында небәрі 100 доллар алған Иван Дычко полицейлерге шеберлік сабағын өткізді

Закир Сафиуллин 63 келі салмақта сынға түсті. Шаршы алаңда әзербайжан жігіті Бахтияр Газибаевтан басымдық танытты.

Қазақстандық боксшы 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін Азия чемпионатында 2015 және 2019 жылдары күміс жүлдегер атанды. Ал 2015 жылы әлем чемпионатында жарыстың алғашқы сатысынан аса алған жоқ.

Ресейдегі әлем чемпионатында бұған дейін 81 келі салмақта қазақстандық тағы бір боксшы Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін олар барлығы 40 медальге қол жеткізді. Медальдің 11-і алтын, 12-і күміс және 17-і қола болып саналады.

Биылғы әлем чемпионатында қазақстандық құрама сапында сегіз саңлағымыз шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (48 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ресей, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT