+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Зағиптарға арналған кітапханалар қоры артады - Нұрғиса Дәуешов

2021 жылғы 21 қазан 18:18
Бөлісіңіз:
Зағиптарға арналған кітапханалар қоры артады - Нұрғиса Дәуешов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қоры ұлғайтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық жобаның мәдениет саласы бөлігінде келесі бағыттарды қамтиды:

- «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту;

- «Ел рухы» жобасы.

«Ел рухы» бағытында «Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда», «Мәдениет саласындағы отандық цифрлық ресурстарға кіру санын арттыру», «Жаңадан шығарылған отандық анимациялық фильмдердің саны», «Қазақстандық кинопрокаттың жалпы көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі», «Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны» мақсатты көрсеткіштері қарастырылған.

Бұл ретте 2025 жылға дейін 259 мәдениет нысаны салынып, 1 241-і нысаны жөнделетін болады.

Атап айтқанда, инфрақұрылымды жақсарту және туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылға дейін республикалық музей-қорықтардың аумағында 8 визит орталық салынатын болады.

Сонымен қатар, министрлік ұлттық жобаның «Ел рухы» II-бағыты аясында Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын, соның ішінде мемлекеттік тілдегі қорды ұлғайту іс-шарасын жүргізуде.

Бұл бағыттағы жұмыс еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең қолжетімділікті қалыптастыру және олардың әлеуетін іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі кезеңді қарастырады. Осы бағыттағы жұмыстар еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалармен бірлесе жүргізіледі. Аталған кітапхана оқырмандарының негізгі ақпарат көзі - бедерлі-нүктелі шрифтпен, яғни Брайль қарпіндегі кітаптар.

Бұл ретте, министрліктің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік жоспарында жыл сайын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға брайль принтері мен брайльдің портативті тактильді дисплейлерін, материалдық емес активтерді сатып алу үшін және кітапхана қорын толықтыруға тиісті қаражат қарастырылған.

Нұрғиса Дәуешовтің сөзіне қарағанда, «Қазақстанның киелі географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның киелі объектілерін зерттеу мен зерделеуді қамтитын 40 түрлі іс-шараны ұйымдастыру көзделген.

Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің бірегей ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша шаралар қабылдау іс-шарасы аясында қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Номинация аясында еліміз аумағындағы көне қалашықтарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, барлық жүргізіліп жатқан мәдени іс-шаралар, театр маусымдары, кітапхана қорлары, музейлер мен көрмелер туралы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, e–culture.kz бірыңғай электронды платформасы іске қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрғиса Дәуешов «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында мәдениет саласында атқарылатын жұмыстарды айтты. Айта кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева 40 анимациялық фильм жасау ескерілгенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT