Зағиптардың тұрмыстық мәселелерін видеокамера арқылы шешудің жолы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мобильдік Be My Eyes (Менің көзім бол) видеокамерасын қолдану зағиптар мен көзі нашар көретін жандардың тұрмыстық мәселелерін шешудің бірден-бір жолы болып отыр. Жаңа технология мүгедекке еріктілердің көмегімен маңайында не болып жатқанын біліп, соған байланысты әрекет жасай алады, деп хабарлайды The Next Web.

Be My Eyes  авторы - Дания азаматы, көзі нашар көретін Ханс Йорген Виберг.

Ол әзірлеген бағдарламаны iOS и Android операциялық жүйесімен жабдықталған кез келген мобильдік құрылғы арқылы жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға жазылушылар саны екі миллионға жақындады. Олардың ішінде 1,78 миллионы еріктілер, ал 103 мыңы көзден мүгедектікке шалдыққандар болып отыр.

Қазіргі шақта Be My Eyes-ке 150 елдің аумағында қолжетімді, ал қосымшасы 180-нен астам тілде жұмыс істейді.

«БҰҰ деректері бойынша зағиптардың 90 пайызы табысы төмен елдерде тұрады»,-дейді Виберг. «Сондықтан біз Be My Eyes-ті даму үстіндегі елдерге тарату мүмкіндігін іздестірудеміз»

Еріктіге көмекші болу үшін қосымшаны жүктеп, тіркелсе және қай тілді білетіндігін көрсетсе болғаны. Бұдан кейін смартфонға кімге көмек қажеттігі жайлы видеоқоңыраулар түсе бастайды. Егер еріктінің уақыты болса, тікелей байланысқа шығып, қандай тапсырма түскендігін біледі. Ал одан зағип немесе көзі нашар көретін адам шұғыл көмек сұрауына болады. Мысалы дүкендегі азық-түліктің жарамды-жарамсыз  екендігін, немесе жолындағы кедергілерді анықтау, тіпті киімін дұрыс жуып жатқандығы тексеріп беруін, тағысын тағылар.

Қашықтықтан қолдау адамдарға күнделікті жұмысында кездесетін қиындықтарды өздері туған туыстарының көмегінсіз-ақ шешуге мүмкіндік туғызып отыр.

Айта кеткен жөн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, әлемде 1,3 миллиард адамның көзінде кінәрат бар, 36 миллионы - зағип.

Соңғы жаңалықтар