Зағипа Балиева суицидке қарсы балалар қозғалысын құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева суицидке балалар қозғалысын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суицид бойынша 2017 және 2018 жылдың алғашқы 4 айына талдау жүргізіп көрдім. 2017 жылдың басында 64 суицид оқиғасы тіркелсе, 2018 жылы - 49. Яғни, балалар мен жасөспірімдер аасындағы суицид 23 процентке төмендеген. Өзіне-өзі қол салуға әрекеттену бойынша, 2017 жылдың 4 айында - 158 жағдай, ал 2018 жылы - 107 жағдай тіркелген. Өзіне-өзі қол салу әрекеті 32 процентке төмендеген», - деп атап өтті Омбудсмен «Балаларға арналған әділ сот: нәтижелер, инновациялар және одан әрі дамуы» конференциясында.

Балиева бұл көрсеткішке ерте қуанбауды, балалар арасындағы суицидті толық жойғанша жұмыс істеу қажеттігін айтты және 2017 жылы 114 баланың суицидтен құтқарылғанын еске салды.

«Қазір бұл балалар - біздің достарымыз, бізбен бірге жұмыс істейді. Бәлкім, болашақта жасөспірімдер арасындағы суицидтік райдың алдын алатын қоғамдық балалар қозғалысын құратын шығармыз», - деп өз сөзін толықтырды Зағипа Балиева.

Бұған дейін Омбудсмен Қазақстанда балалардың құқықтары мен міндеттемелері жүйеленетін жаңа Балалар кодексі әзірленіп жатқанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар