Зағипа Балиева психологтар мәселесі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ерекшеліктерді жақсы білетін психологтар жеткіліксіз. Бұл туралы Сенатта мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде білікті психологтар жеткіліксіз. Атап айтқанда, Мәскеу немесе Санкт-Петербург мектептері бар, ал қазақстандық қоғамға бейімделіп дайындалған педагог-психологтар бізде тапшы. Осы орайда, Білім және ғылым министрлігі осыған назар аударуы тиіс. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды. Оқу орындарына тиісті бағдарламаны әзірлеуге тапсырма беру керек. Негізі, ғалымдар мен ғылыми еңбектер бар», - деді З. Балиева.

Сонымен қатар, депутат айрықша білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу үшін оқытушы-мамандарды даярлау керектігін атап өтті.

«Психикалық денсаулықты қорғау бағдарламаларды қабылдау қажеттігі бар, сондай-ақ суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы оқытылған мектеп психологтарының қызметін ұсынуды қамтамасыз ету керек», - деді Зағипа Балиева.

Соңғы жаңалықтар