Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде балаларға төнген қатер туралы ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева әлеуметтік желілердегі қауіп-қатер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған «ВКонтакте» желісінде балаларды өзіне-өзі қол жұмсауға шақыратын топтар қайтадан пайда болып жатыр» деген үрейлі хабарламалар келуде. Құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысуда. Алайда аталған топтарды анықтау мен оларды бұғаттау шаралары қандай да бір уақытты қажет етеді. Осыған байланысты қоғамнан көмек сұраймын, яғни сіздер осындай топ туралы біліп жатсаңыздар, ол жайында бірден органдарға хабарлаңыздар», - деп жазды З. Балиева Фейсбукте.

Осы орайда балалар омбудсмені «Синий кит» тобы жайында еске сала келе, солардың кесірінен ТМД елдерінде бірнеше бала ажал құшқанын жеткізді.

«Нәтижесінде, оны ұйымдастырған адам ұсталды, сонымен қатар ол жасөспірім екені де анықталды. Ол үшін бұл тек ойын болған (...) қазіргі кезде байланыс операторлары «ата-ана бақылауы» атты қызметті ұсынып келеді. Сондықтан да осы қызметті пайдалану мүмкіндігін де қарастырыңыздар», - деп кеңес берді Зағипа Балиева.

Соңғы жаңалықтар