Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Зағипа Балиева 7 жасар балаға қатысты оқиға бойынша үндеу жасады

2018 жылғы 14 наурыз 14:42 2326
Бөлісіңіз:
Зағипа Балиева 7 жасар балаға қатысты оқиға бойынша үндеу жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиева ОҚО-да 7 жасар баланы ұру және зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шартты түрде түрмеден босағандарға не істеуге болмайды Бразилияда есірткі қылмысы үшін сотталған ерлі-зайыпты жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы баланың жағдайына қатысты ішкі істер басқармасы бастығымен тікелей байланысқа шықтым. Менің өтінішім бойынша ол баланың әжесімен кездесті. Сонымен қатар ол жерге осы оқиғаға қатыстылардың барлығымен кездесу үшін мониторингтік топты да жібердім. Қабылданған шешімге сәйкес, мониторингтік топтың баламен және оның әжесімен кездесуінен кейін, алдағы аптада жеткіншек осында жеткізіледі. Біз толыққанды әрі кешенді сараптама жүргіземіз және оның нәтижесі бойынша шара қабылданады. Барлық жұмыстарды заңды негізде атқарамыз. Егер де сараптама зорлық-зомбылықты растаса, тиісті шараны қабылдануы тиіс. Яғни қоғамды жаңылыстырған барлық лауазым иелерін жауапкергшілікке тарту үшін Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға үндеу жолдаймын», - деді З. Балиева тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол баланың әжесі осындай фактілер бойынша 2016 жылы да шағымданғанын жекізді.

«Сондықтан да 2016 жылғы материалдарды да көтеруді сұрадым. Неге сол кезде проблемаға тиісті деңгейде назар аудармаған? Мен барша ата-аналарға үндеу жасағым келеді. Өйткені бала үшін қауіпсіз әлемді құру ата-ананың бірінші мақсаты. Жыл басынан бері балаларға қатысты түрлі жағдайлар болып жатқаны алаңдатып отыр», - деді Зағипа Балиева.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған» деген ақпарат тараған болатын. Жеткіншектің әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, ол бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді.

 

 

 


Басты сөздер: Заң, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат