+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Зағип веломарафоншылар Алматыдан Түркістанға аттанды

2019 жылғы 22 қыркүйек 22:11
Бөлісіңіз:
Зағип веломарафоншылар Алматыдан Түркістанға аттанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда зағип және нашар көретін спортшылардың төртінші веломарафоны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Шекарасыз спорт» жобасының қатысушылары бұл жолы Алматыдан Түркістанға дейінгі 1000 шақырым қашықтықты бағындырады. Ұлы Жібек жолының бағытымен өтетін жолды спортшылар тоғыз-он күнде жүріп өтпек.


18 адамнан тұратын командаға қажет кезінде көмек беру үшін волонтер-пилоттар ілесіп отырады. Бірегей марафон қатысушыларының арасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, сондай-ақ Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да бар.

«Осы веломарафон арқылы мақсат айқын, асқақ арман болса, барлығына да қол жеткізуге болатынын көрсеткіміз келеді», - дейді қоғам қайраткері, «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бақтияр Базарбеков.


Жол бойы спортшылар жастармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, жергілікті билік өкілдерімен, бизнесмендермен, қоғам қайраткерлерімен кездеседі.

Жүзуден Қазақстан тарихында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы болған (2016) Зүлфия Ғабидуллина марафонға алғаш қатысып отыр.

«Осындай марафонға қатысуды Алматы-Владивосток алғашқы марафоны өткен 1990 жылдан бері армандаймын. Сол кезде спортшылар менің қалам Тараздың жанынан өткенде осындай бір арман пайда болды. Енді, міне, 29 жылдан кейін осындай мүмкіндікке ие болып отырмын», - деп велосипедке қонды чемпион.


«Шекарасыз спорт» жобасының қатысушылары бұған дейін де осындай бірнеше іс-шара өткізген болатын.

2016 жылдың күзінде команда Алматыдан елордаға дейінгі «Екі астана» велошеруіне қатысты. 2017 жылдың жазында Алматы – Ыстықкөл бағдарындағы «Қозғалыс энергиясы» халықаралық веломарафонына қатысты. Ал 2018 жылы 15 спортшы 136 күнде елордадан Парижге дейінгі 5 мың км шақырымды бағындырды.

Енді 2020 жылы олар Америкаға немесе Токиодағы Паралимпиада ойындарына баруды жоспарлап отыр.





Автор: Еламан Тұрысбеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT