Əз-Наурыз - Алматыда (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлауда. Биыл мереке Қазақстан республикасының тəуелсіздігіне 25 жыл толуына əрі Алматының 1000 жылдығы тақырыбымен өтіп жатыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарын əкім Бауыржан Байбек құттықтады. "Əз наурыз - халқымыз ұлыстың ұлы күні деп құрметпен қарайтын жыл басы ғана емес, ізгілік пен берекенің мейрамы. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, жаңа арманның, жаңа үміттің бастауы. Биылғы мейрамда Алматының мыңжылдығы кеңінен аталып өтіп жатыр. Елбасы Қазақстанның жаңа жаһандық жолдағы өсім мен реформа деп аталатын Жолдауымен алматылықтар биыл үлкен жетістіктермен қарсы алуда. Мыңжылдығы аталып өтіп жатқан қала үлесіне ел экономикасының бестен бірі тиесілі. Осының өзі қаламыздың ел дамуындағы рөлін көрсетеді. Биыл БҰҰ арнайы мəдениет жəне білім комиссиясы Алматымыздың мыңжылдығын тойлауды бекітті. Мыңжылдық тарихы бар қаламыздың əлі де алынбаған асулары бар. Оған жету үшін бізде бар мүмкіндік жеткілікті. Олардың барлығы Алматының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында көрсетілген", -деді ол.
Айта кету керек, Астана алаңына 20 000 адам жиналды. Келушілерге арнап Наурыз театрландырылған қойылымы, ұлттық бұйымдар көрмесі жайылып киіз үйлер тігілген. Көшеде қазақтың ұлттық ертегілері кейіпкерлерінің қуыршақ бейнелері жүр. Сондай-ақ, қазақ мемлекеттік музейі Алматы қалашығынан табылған тарихи жəдігерлерді көрмеге қойды.
Көрмені тамашалаушыларда есеп жоқ. Онымен қатар, тұрғындар түрлі шеберлік кластарына қатысып, Өзбекстаннан келген арқанмен жүретін акробаттардың, Қазақ мемлекеттік циркінің əртістерінің өнерін тамашалауда. Қазақ эстрадасының жұлдыздары қалың жұртқа əн мен күйден шашу шашты. Жиналған қауым тігілген киіз үйлерге кіріп, ұлттық тағамдардан дəм татуда.
null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар