З.Махусеев: Қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты қоғамымыздың табысының негізі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанда мерзімге дейінгі сайлау туралы пікірімен бөлісіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысындағы жұмысы мен міндеттері туралы айтып берді.

«ҚР Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау уақыт пен қаржыны үнемдеу мүмкіндігін беріп отыр. Сайлаудың мерзіміне дейін өткізілуінің негізгі себебі - бұл Мемлекет басшысы ұсынған «Жүз нақты қадам» Ұлт Жоспарын тиімді іске асыру, - деді қарашай-балқар этномәдени бірлестігініі төрайымы Леля Узденова.

Ұлт көшбасшысының бастамасымен ұсынылған «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы қазақстандықтардың бірлігін нығайтады, деп есептейді Л.Узденова.

Мемлекет басшысының ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзіміне дейін өткізу шешімін қолдайтыны туралы жалпы пікірін білдірген тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Әлижон Мулладжанов қазақстандықтарды патриот болып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

«Қазақстандық патриотизм - көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі. Себебі қазақстандық патриотизмнің іргетасы - бұл барлық азаматтардың тең құқықтығы мен Отанның болашағы үшін жалпы жауапкершілігі. Мұнда мен Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының бірі - «Ақ желкен» жастар лигасы нағыз патриоттарды біріктіретінін мақтанышпен айта аламын. Жастар лигасының кеңесіне облыстағы он мыңнан астам этнобірлестіктің жас қанаттарының төрағалары кіріп отыр. Жастар лигасы көшбасшыларының әрқайсысы елде бейбітшілік пен келісімді орнатуға елеулі үлесін қосып отыр», - деді Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев.

Соңғы жаңалықтар