Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.
Сондай-ақ Ақордада бүгін Юрий Викторович Ильиннің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылғандығын хабарлады.Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған.
Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.
«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.
1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;
1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;
1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;
2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
- Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
- Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
- Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
-
Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
-
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам