Юрий Ильин су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі өте жоғары. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі елді мекендерді су тасқынынан қорғауға ерекше назар аударады. Барлығы білетіндей, бұл табиғи процесс қайтымсыз және үнемі алдын алу шараларын қажет етеді. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар тәуекел дәрежесіне қарай бөлінеді. Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады», - деді министр.

Оның дерегінше, орташа тәуекелдерге Павлодар және Ұлытау облыстары кіреді.

«Бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен бар. оларда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат қалып отыр. Өткен жылғы су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар