Юрий Ильин өрт қауіпсіздігіне немқұрайды қарайтын өңірлерді атады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, елдегі 5 өңірде өртке қарсы қызметтердің қажетті құралдармен жабдықталу деңгейі 50 пайызға да жетпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табиғат қорғау және орман мекемелерінің жарақтандырылуы 50% -дан аспайтын өңірлер бар. Мәселен, Атырау облысының әкімдіктеріне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 20%-ды, Қызылорда – 33%-ды, Батыс Қазақстан – 47%-ды, Шығыс Қазақстан облысының Экология министрлігіне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 24%-ды, Ақтөбе – 47%-ды, Солтүстік Қазақстанда – 48%-ды құрайды», - деді Юрий Ильин.

Оның мәліметіне қарағанда, Экология министрлігінің өзінде автоцистерналармен, өрт стансаларымен, мұнаралармен, сорғылармен және басқа да жабдықтармен жарақталу деңгейі 73% ғана. Ал әкімдіктерде бұл көрсеткіш 68% шамасында.

«Қазір қолдағы техниканың бестен бірінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Яғни өртті ауыздықтауға жарамсыз», - деді министр.

Ведомство басшысының дерегі бойынша, былтыр елімізде 167 мың гектар орман отқа оранған.



Соңғы жаңалықтар