Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Юрий Ильин: Қатаң сөгіс - объективті

2019 жылғы 12 ақпан 14:18 348
Бөлісіңіз:
Юрий Ильин: Қатаң сөгіс - объективті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкімет басшысының бүгінгі сынының әділ болғанын  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысының тас жолдарында екі күн ішінде 125 адам құтқарылды Шығыс Қазақстан облысында боран салдарынан әлі 80 көлік жолда тұр

«Жазаға қатысты айтар болсам,  кез келген мемлекеттік қызметшінің немесе погон тағып жүрген адамның басшылық шешіміне сын айтуға құқы жоқ.  Алған ескертуіміз бен қатаң сөгісіміз объективті деп санаймын. Соған сай  шаралар қабылданатын болады. Әрине, бағыныштыларды жазалау емес, қайта алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу, оны одан ары төмендету тетіктерін әзірлеу тұрғысында», -  деді ол Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол төтенше жағдайлар қызметкерлеріне бағаны халық та беретіндігін баса айтты.

«Бағаны бізге тек қызметкерлер ғана емес, халық та береді деп ойлаймын. Жұмыстардың басым бөлігін қатардағы қызметкерлер атқаратындығын барлық жауапкершілікпен айта аламын. Біз тіркеп отыратын құтқарылған өмір саны - бұл көмек көрсеткен адамдардың ең жоғары бағасы», - деді Ю.Ильин.

Естеріңізге сала кетсек,  бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау жөніндегі ұсынысты Президент әкімшілігіне енгізуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге  және Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа  қатаң сөгіс жариялады. Ал Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT