Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Юнкер Еуропалық одақ реформасына қатысты бірқатар бастама көтерді

2018 жылғы 14 ақпан 21:07 980
Бөлісіңіз:
Юнкер Еуропалық одақ реформасына қатысты бірқатар бастама көтерді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 23 ақпанында болатын ЕО көшбасшыларының бейресми саммиті қарсаңында Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Еуропалық одақ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар бастамаларды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Баспасөз мәлихаты кезінде ЕО атқарушы билігінің басшысы барлық жалпыеуропалық саяси партияларға 2018 жылдың соңына дейін келесі жылы өтетін Еуропарламент сайлауындағы жетекші үміткерлерді анықтауға шақырды.

«Адамдардың кімге дауыс беретінін, партия көшбасшысының кім екендігін білуі маңызды... Менің партиямнан (Еуропа халықтық партиясы) жетекші үміткерді мамырда таныстырмақпын», - деді ол.

Сондай-ақ, Жан-Клод Юнкер Еурокомиссия немесе Еуроодақ басшыларын жалпы дауыс беру арқылы сайлау жүйесіне өтуге қатысты пікір білдірді.

«Еурокомиссия төрағасы немесе Еуропалық одақ президенті тікелей жалпы дауыс беру арқылы сайланса болар еді. Бірақ, менің қызметім аяқталғанға дейін ол мүмкін емес. Бұл ұзақмерзімді жоспар», - деп мәлім етті Юнкер.

2018 жылдың 23 ақпанында өтетін бейресми саммитте ЕО құрамынан Ұлыбритания шыққаннан кейінгі Еуропарламент құрамы талқыланады деп жоспарлануда. 

 

 


Басты сөздер: Халықаралық ұйымдар,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат