ЮНИСЕФ қызылшаның жаһандық жайылуына алаңдаулы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ЮНИСЕФ қызылшаның жаһандық жайылуына алаңдаулы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апталық эпидемиологиялық есебі мен Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (CDC) ауру мен өлім-жітім туралы апта сайынғы есебінде 2017 жылы қызылша ауруларының күрт артуы бірқатар елдерде тіркелгені айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баяндамада соңғы 17 жылда қызылшамен ауыру үрдісін бағалау таныстырылған. Есеп 2000 жылдан бері қызылшаға қарсы иммундаудың арқасында 21 миллионнан астам адамның аман қалғанын көрсетті. Дегенмен 2016 жылдан бастап әлем бойынша қызылша тіркелген жағдайлардың саны 30 пайыздан асты. Вакцина салудағы кемшіліктердің себебінен қызылша әр аймақта шыға бастаған. Былтыр 110 000-ғы жуық адам осы аурудан көз жұмған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы балаларға вакцина салу мен қайта вакцина салу жұмысы 98%-ға орындалған. 2018 жылдың барлық айында қызылша жұқтырған 98 адам тіркелген. Оның 81-і (87%) 14 жасқа дейінгі балалар.

«Соңғы онжылдықта Қазақстандағы иммундау бағдарламаларының табысына қарамастан, оның деңгейі төмендеп барады. Әрі иммундау ісі қала мен ауылда біркелкі емес. Жалпы, Еуропа аймағындағы елдерде иммундау проблемаларының саяси міндеттемесі мен денсаулық сақтау жүйесі әлсіз, басқаруы нашар. Сондай-ақ, әсіресе кірісі орта деңгейдегі елдерде ұлттық иммундау бағдарламасының қаржылық тұрақтылығына алаңдаушылық бар», - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі Қанат Сұханбердиев.

Қызылшамен ауыратындардың күрт артуына жауап ретінде денсаулық сақтау органдары иммундау жүйелеріне тұрақты инвестицияларды тартады. Сондай-ақ күнделікті вакциналау қызметтерін күшейтуге бағытталған шараларды қолға алмақ. Бұл шаралар ең кедей топқа, соның ішінде қақтығыстар мен қоныс аударудан зардап шеккен адамдарға жетуі керек.

Денсаулық сақтау органдары, иммундау жұмысы үшін кең көлемдегі қоғамдық қолдауға шақырады. Сонымен бірге вакциналауға қатысты шешім қабылдай алмау мен жалған ақпарат таратудан аулақ болуды сұрайды.

ДДҰ мен CDC-ның ортақ жарияланымы «Әлем бойынша қызылша аймағын жою ісіндегі прогресс - 2000-2017» баяндамасы ДДҰ апталық эпидемиологиялық есебі мен Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (CDC) ауру мен өлім-жітім туралы апта сайынғы есебінде жарияланды.

2001 жылы қолға алынған қызылша мен қызамықты жою жөніндегі бастаманы (M&RI) Американың Қызыл Крест қоғамы, БҰҰ қоры, CDC, ЮНИСЕФ пен ДДҰ басқарады. M&RI қызылшадан адам өлмейтінін немесе қызамық синдромымен туылмағанын, сондай-ақ 2020 жылға дейін кемінде бес ДДҰ өңірлерінде қызылша мен қызамықтың жойылуына қарсы жаһандық вакцинация жоспарын орындауға талпынады.

Қызылшаны жою осы аймақта немесе басқа географиялық аймақта 12 айдан астам уақыт бойы қызылша вирусының эндемикалық түрде берілмейтіні арқылы сипатталады. Керсінше, егер вирус қайта келсе, жыл бойы оны адамдардың жұқтыруы үздіксіз жалғасса, ол ел қызылшадан құтылған елге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар