ЮНИСЕФ күзге дейін Қазақстанда балаларға қатысты зорлықтың алдын алатын бағдарлама жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып осы күзге дейін балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін ұлттық бағдарлама жасап шығаруды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР-дағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный айтты.

«Қазіргі кезде Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесіне Үкімет тарапынан үлкен назар аударылып отыр. Яғни барлық мүдделі серіктестер бір мақсатқа жұмылдырылып, халықаралық тәжірибе жан-жақты зерттелуде. Біз де осы жұмыстарға тартылдық. Шамамен осы жылдың екінші жартысына қарай біз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін ұлттық бағдарлама жасауға кірісеміз», - деп атап өтті Ю.Оксамитный.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің суицидке бой алдырғыш әрекеттеріне байланысты мәселелерді шеше алады.

Маманның пікірінше, көптеген жағдайда балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың арты суицидке апаруы мүмкін.

«Суицид - кешенді феномен. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан балаларға зорлық көрсету, қаталдық таныту сияқты қылықтар олардың суицидке ұрыну қаупін күшейтеді. Бірақ бар жауапкершілікті Үкімет пен жергілікті билік органдарына артып қоюға болмайды. Біздің пікірімізше, бұл мәселеде ҮЕҰ үлкен жұмыс атқара алады», - дейді өкіл.

Соңғы жаңалықтар