ЮНЕСКО
ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамының құндылықтары туралы айтылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылы қабылдаған 64/253 қарарына сәйкес, жыл сайын 21 наурызда бүкіл әлем Халықаралық Наурыз күнін атап өтеді. Ал ЮНЕСКО-да Наурызды мерекелеу дәстүрі Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістанның ортақ ұсынысымен Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді. Осы орайда халықаралық ұйымның қызметіне қатысты егжей-тегжейлі Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы директорының ассистенті Гаухар Балғарина айтып берді.