ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Еуропадағы көл құрғап жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Австрия мен Венгрияның шекарасында орналасқан Нойзидлер-Зе көлі құрғап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. ke

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген көлдегі су деңгейінің өте төмен болуына байланысты онда желкенді жүзу мен виндсерфингпен айналысу қиындап барады. «Шілде айының ортасынан бастап көл өте таяз болды, сондықтан суда демала алмайсың, үйге қайықпен жете алмайсың, тіпті жол да жоқ!», «Көл айналасы – сортаңды дала, топырағы жарылған. Көп ұзамай бәрі құрғап, көлдің түбімен жүруге де болады, қазір ол жерде жай ғана терең жұмсақ лай бар», -дейді табиғат куәгерлері.

Жергілікті биліктің көлді құтқару идеяларының арасында Дунай ағынының бір бөлігін бұрып жіберу бар.

Алайда қоршаған ортаны қорғаушылар бұған үзілді-кесілді қарсы.


Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар