+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ЮНЕСКО Өзбекстандағы мәдени мұраларды қалпына келтіру уақытын ұзартты

2021 жылғы 4 тамыз 20:52
Бөлісіңіз:
ЮНЕСКО Өзбекстандағы мәдени мұраларды қалпына келтіру уақытын ұзартты

ТАШКЕНТ. ӨзА- ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар комитеті Өзбекстанға карантиндік шектеулер бойынша барлық міндеттерді орындау үшін көбірек уақыт қажет екенін ескере отырып, Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласының тарихи орталығын қалпына келтіру мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда Президент сайлауына қатысты үміткерлердің үгіт-насихаты өтуде Өзбекстанда көпшілік шаралар мен жиындарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді Өзбекстанда карантин жеңілдетілді

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл жайлы Қытайдың Фучжоу қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 44 -ші кеңейтілген сессиясында айтылды.

Шахрисабздың тарихи орталығы 2016 жылы ЮНЕСКО -ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 2016 жылдың шілдесіндегі Комитеттің 40 -шы сессиясында Шахрисабз қаласының тарихи орталығы жойылып кету қаупі төнген дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген еді. Себебі, құрылыс жұмыстары ЮНЕСКО -ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына сәйкес келмеді. Содан бері Шахрисабз жойылып кету қаупі бар объектілер тізімінде қалған.

2019 жылы Өзбекстан тарапы екі жыл ішінде қаланы қалпына келтіру жоспарының жобасын әзірлеуге міндеттеме алған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT