ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Халықаралық қауымдастық үшін қазақстандық басшылықтың ішкі және сыртқы саясаты сабақтастығының сақталуы мен бейбітшіл ұстанымының жалғасуы жөнінде жасаған тиянақты мәлімдемесі маңызды. Бұл жөнінде ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанның Франциядағы Елшісі әрі Ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиевпен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отандық дипломат Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінің мәтіндерін табыстап, Елбасы шешімінің себептері мен қисынына түсінік берді. Сондай-ақ мемлекетіміздің шетелдік серіктестерінің алдында алған барлық міндеттемелерін бұлжытпай орындау жөніндегі міндеттемелерін қайта растады.

«Өз кезегінде О. Азуле ұсынылған ақпаратқа ризашылығын жеткізді және Қазақстанның ЮНЕСКО-мен дәстүрлі негіздегі мазмұнды ынтымақтастығын арқау етіп, оның алдағы уақытта да оң бағытта дамитынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ елімізде Жастар жылы аясында кешенді іс-шаралардың қолға алынуын құптайтынын айтты», - делінген СІМ хабарламасында.

nullТараптар Ұйым мандатының шеңберіндегі ағымдағы әрекеттестіктің бірқатар нақты мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде Қазақстанда ЮНЕСКО қамқоршылығындағы екінші санаттағы институттар ретінде Орталықазиялық өңірлік гляциологиялық орталығы мен Мәдениеттер жақындасуының халықаралық орталығын құру үдерісі бар.

«Кездесу соңында Елші екі құрылым арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа көрсеткен қолдауы үшін О. Азуленің ТЮРКСОЙ Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымның 25-жылдығына орай марапатталғанын жеткізіп, Бас директорға тиісті медальды табыстады», - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан1992 жылдың 22 мамырынан бастап Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) толыққанды мүшесі болып табылады. Беделді халықаралық ұйыммен ынтымақтастығымызды ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясы үйлестіреді. Мемлекетіміз ұйым аясындағы 15 халықаралық конвенцияның қолдаушысы болып табылады. Осы күнге дейін деректі мұраның «Әлем жады» халықаралық тізіміне - 3, Дүниежүзілік мұра тізіміне - 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне - 10, биосфералық резерваттар желісіне - 10, айтулы мерейтойлар күнтізбесіне 21 отандық ұсыным енгізілді. Елімізде ЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдастырылған мектебі, 50-ден астам клубы істейді. Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтыңбастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы өз қарарымен 2013-2022 жылдар мерзімін Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы етіп жариялады және ЮНЕСКО-ны тиісті бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты құрылым ретінде белгіледі.

Соңғы жаңалықтар