ЮНЕСКО-да ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдығы тойланды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17 қыркүйек . ҚазАқпарат- Франция астанасы Париж қаласында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКІСОЙ) 20 жылдығы аясында салтанатты шара болып өтті.

Парижде Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының көмегімен өнер сүйер қауым үшін әйгілі Әзірбайжан композиторы Узеир Гаджибейлинің «Аршин мал алан» опереттасының 100-жылдығына орайластырылып қойылым қойылды.

«Аршин мал алан» опереттасы бір сахнада алғаш рет бас қосып отырған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан әртістерінің қатысуымен қойылды.

Концерттен кейін ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов берген сұхбатында түркі әлемінде «Аршин мал алан» опереттасы алғашқы рет осыдан 100 жыл бұрын қойылғанын атап өтіп: «Бүгін бір айырмашылықты байқауға болады. Алғашқы рет опереттаның көрсетілімі Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия әртістерінің бірігіп қатысуымен өткізілді. Түркітілдес мемлекеттерінің музыканттары тұңғыш рет бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік алды», - деді.

Сонымен қатар Дүйсен Қасейінов қазан айының басында ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдық мерекелек шаралары Түркияның Анкара қаласында да өз жалғасын табатының сөзге тиек етті.

Шақырылған қонақтардың ішіндегі қойылымға келген француз жазушысы Фабьен Эрбан :« Бұл көрсетілім өткен күндер мәдениеті туралы ерекше мазмұнға толы болды. Мен саз-әуеннің асемдігі мен әртістердің киім үлгілеріне тәнті болдым. Бұл шара ұмытылмайтындай әсер қалдырды», - деген пікірімен бөлісті.

Сондай -ақ, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдығына арналып, Халықаралық ұйымның осы уақыт аралығындағы атқарған қызметін қамтып көрсететін фотокөрменің ашылуы өткізілді.

Автор: Ирина Дынникова

Соңғы жаңалықтар