Юньнань провинциясындағы өртті 1,6 мыңнан астам адам сөндіре алмай жатыр

None
None
КУНМИН.Синьхуа-ҚазАқпарат – Юньнань (Оңтүстік Батыс Қытай) провинциясында шыққан алапат орман өртін ауыздықтауға 1,6 мыңнан астам өрт сөндірушілер мен басқа да мамандар тартылды. Бұл туралы жергілікті билік органдары мәлем етті, деп хабарлайды Синьхуа.

Өрт 9 мамырда Аньнин қаласында шамамен сағат 15:30-да басталған. Ал 10 мамырда таңға таяу тілсіз жауды ішінара ауыздықтаудың сәті түсті. Бірақ бұдан кейін өрт қайта өршіген. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар