Юлия Тимошенко Қазақстанның коронавируспен күрестегі шараларын жоғары бағалады

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтің «Батькивщина» саяси партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенкомен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме барысында қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешектері талқыланды. Тараптар екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды белсендірудегі мүдделіліктері туралы сөз қозғады. Бұл тұрғыда экономиканың әртүрлі салаларында тығыз кооперациялық байланыстарды қалпына келтіру, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Юлия Тимошенко Қазақстанның коронавируспен күрестегі және шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қолдау көрсетудегі шараларын жоғары бағалады.

Оның айтуынша, бұл елдің экономикалық дамуының тұрақты негізін қалаған, Елбасының кемеңгерлік саясатының нәтижесінде мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар