Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцеваның Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жарыс 3-9 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі кезде рейтингте 1081-орында тұрған украиналық, WTA жарыстарының 16 дүркін жеңімпазы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Элина Свитолинамен ойнайды.

Белгілі теннисші Гаэль Монфиске күйеуге шығып, сәбилі болған Э.Свитолина кортқа қайта оралып отыр. Элинаның бабы қандай, оны алдағы ойын көрсетеді.

Чарльстонда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді.

Онда америкалық Джессика Пегула бірінші ракетка болып тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Жібек Құламбаеваның Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Майами турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Майами турнирінің финалисі Елена Рыбакина қанша табыс тапты.

Елена Рыбакина Майамиде 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд жасады.


Соңғы жаңалықтар